Көші-қон қызметі Қазақстанға келіп жатқан ресейліктердің артуына қатысты мәлімдеме жасады
Көші-қон қызметі Қазақстанға келіп жатқан ресейліктердің артуына қатысты мәлімдеме жасады
Оның айтуынша, мигранттарды тіркеуді ішкі істер органдары қабылдаушы тараптардың мәліметтері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шетелдіктердің кіруі мен шығуын есепке алатын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен бірыңғай дерекқорға уақтылы түсетін мәліметтері негізінде жүргізіледі.
Ведомство мәліметінше, бұл статистика олардың Қазақстанда болу шарттарын сақтау тәртібін көрсетеді. Егер оны бұзған жағдайда Қазақстаннан мәжбүрлеп шығару 5 жыл мерзімге елімізге қайта кіруге тыйым салу түріндегі қосымша санкцияны қарастырады. Сол сияқты ішкі істер органдары шетелдіктердің Қазақстанда болу тәртібінің сақталуын уақытша тұруға берілген рұқсат негізінде бақылайды.
Аталықовтың айтуынша, шекараны заңсыз өтуге, ел аумағында тіркеу үшін құжаттарды ресімдеу тәртібін бұзуға байланысты кез келген жағдай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолы кесіледі.