ҚАЖ қызметкерлері өз таңдауын жасады
ҚАЖ қызметкерлері өз таңдауын жасады
Бүгін яғни, 19 наурызда елімізде Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихаттардың депуттарының сайлауы өтуде. Айтулы саяси науқанға өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты бағынысты №26 мекемесінің қызметкерлері де белсене қатысып, өздерінің азаматтық таңдауын жасады. Бұл күні таңсәріден сайлау учаскелеріне бет алған ҚАЖ қызметкерлері өз құқықтарын пайдалана отырып, лайықты партия мен үміткерлерге дауыс берді. Айта кетейік, бұл мекемедегі жеке құрам қызметкерлерінің саны - 73 болса, оның ішінде 50 қызметкер аттестатталған.