Жамбыл жаңалықтары

Жамбыл ауданында 250 түп ағаш отырғызылды

Жамбыл ауданында 250 түп ағаш отырғызылды

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын Наурыз мейрамы қарсаңында Жамбыл ауданында 250 арша және туя ағаштары отырғызылуда, деп хабарлайды Arainfo тілшісі аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктемнің қастерлі мерекесі қарсаңында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы аудан орталығына кіреберіске көпшілікпен бірге туя, арша ағаштарын отырғызды. Өз кезегінде аудан басшысы күтіп, баптау жұмыстарына баса назар аудару керектігін жеткізді. Әз-Наурыз мерекесіне орай жалпыаудандық сенбілік өтуде.