«ҮКІЛІ КӘМШАТ» ОБЛЫСТЫҚ ТІГІНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
«ҮКІЛІ КӘМШАТ» ОБЛЫСТЫҚ ТІГІНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Тараз қаласы мен аудандардан барлығы 7 үміткер қатысқан байқау «Көркіңнен сенің айналдым, еркем» және «Өнерлінің өрісі кең» деген екі кезеңді қамтыды. Қатысушылар бірінші бөлімде өздерінің байқауға арнап тігіп әкелген қыз баласының үш түрлі бас киім үлгілерін таныстырса, екінші бөлімде өз тобымен бірге салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызға байланысты көрініс көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Әділ қазылар алқасының шешімімен ІІІ-дәрежелі димломмен Т.Рысқұлов ауданынан келген қатысушы Назым Жанбосын марапатталса, ІІ-орынды Сарысу ауданынан келген үміткер Бибісара Сәруарова иеленді. І-орынды Талас ауданының ісмері Гүлім Балықбаева жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің барлығы дерлік арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.