Жаңалықтар

Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды

Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды

ҚР Президенті сайлауына кандидаттардан өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Сағат 10:35-тегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына кандидатты ұсыну өтініші келіп түскен жоқ», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман. Айта кетсек, бүгін Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды. Аталған процесс 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады . Президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптар: ҚР азаматы болуы; ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы; Жоғары білімінің болуы; Жасы 40-қа толған болуы; Белсенді сайлау құқығының болуы; Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі. Бұған дейін Президенттікке кандидаттар төлейтін 3 млн теңге жарна иесіне қандай жағдайда қайтарылатыны туралы хабарлаған едік.