Жамбыл облысында полицейлер жалға берілген пәтерлерді тексеріп жатыр
Жамбыл облысында полицейлер жалға берілген пәтерлерді тексеріп жатыр
Сондай-ақ тәртіп сақшылары ата-анасының бақылауынсыз жүрген жасөпірімдерді анықтау үшін базарлар мен басқа да сауда орындарын, берекесіз отбасыларды тексеріп жүр. Іс-шараның алғашқы күні 1 100-ге жуық құқықбұзушылық дерегі тіркелді. ІІМ-де есепте тұрғандар да тексерілді.
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы басталған күннен бері 15 қылмыстың 10-ы ізін суытпай ашылды. Тіркеусіз тұрғаны үшін 200-ден аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзудың 60-тан аса дерегі анықталды. Облыста патрульдік полиция батальоны көлік басқарған 12 мас жүргізушіні анықтады. Олардың мас болғаны медициналық сараптама қорытындысы нәтижесінде дәлелденді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі бойынша мас жүргізушілерге әкімшілік хаттамалар толтырылды. Осы баптың санкциясы 15 тәулікке қамауға алуды және 7 жылға көлікті басқару құқығынан айыру жазасын қарастырады. «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы бүгін, 17 наурызда аяқталады.