ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ – ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕМЕН
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ – ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕМЕН
Баяндамашының айтуынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалы бойынша зейнетақы және жәрдемақы алушылар есебіндегі барлығы 279 508 алушыға республикалық бюджеттен 42,5 миллиард теңге, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 32 852 алушыға 5,2 миллиард теңге төленген. Бүгінгі күні мемлекеттік корпорация есебінде жасына байланысты 130 590 зейнетақы, 148 918 жәрдемақы төлемдерін алушы тіркелген. Зейнетақы және жәрдемақы төлемдері екінші деңгейлі банктердің және «Қазпошта» акционерлік қоғамы бөлімшелері арқылы ай сайын уақытылы жүзеге асырылып келеді. Ал әлеуметтік-еңбек саласы бойынша биылғы жылдың осы кезеңге дейінгі қорытындысымен барлығы 18 572 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін зейнетақы төлемдерімен әлеуметтік төлемдер бойынша мемлекеттік қызметтер азаматтарға ұялы телефон арқылы хабарламаға жауап беру арқылы немесе «Электрондық үкімет» порталы арқылы үйден қызмет алады. – Бұған дейін зейнетақы және жәрдемақы төлемдеріне өтініш беру тұрғылықты мекенжай бойынша болса, бүгінгі күні пилоттық жобада экстерриториялық құжат қабылдау іске қосылды. Яғни аталған жәрдемақы мен зейнетақы төлемдеріне өтініш еліміздің кез келген өңірінен тұрғылықты мекенжайына қарамастан қабылдана береді. Өтінішті кез келген еліміздің халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімдеріне өткізе алады, – деген Мұхтар Сембекұлы барлық облыс тұрғындарын ұялы телефон нөмірлерін мобильді азаматтар базасында тіркеу арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға шақырды.
Айжан ӨЗБЕКОВА