Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды

 Аталған алаң стартап жобаларды ынталандыру және кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру мақсатында кәсіпкер әйелдерге қаржылық емес қолдау көрсетеді.

 Өткен жылы мұндай алаң Түркістан, Алматы және Маңғыстау облыстарында ашылды, ал бүгінде олар еліміздің өзге өңірлері мен Республикалық маңызы бар қалаларда жүзеге асуда. Бұл орталықтың ашылуына ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және «Атамекен» ҰКП әріптестігінің ұйытқы болып отыр. Бастама Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен қаржыландырылады және ҚР-дағы БҰҰ Даму Бағдарламасы іске асырады.
 Ұлттық статистика деректері бойынша, Қазақстанда әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі 42,3% -ды құрайды. Олардың көпшілігі осы саладағы жұмыс орындарының 31,4% -ын қамтамасыз ететін шағын және орта бизнеспен ұсынылған.

Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Айдар Әбдіқадыровтың айтуынша, мұнда ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген бизнес-ханымдар стартаптарды ынталандыру, жұмыс істеп тұрған бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру, сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен іс-шараларға қатысу үшін бірқатар қызметтер ала алады.
 «Жобаның жалпы мақсаты кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ инклюзивті, өміршең және тұрақты экономиканы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Әйелдер кәсіпкерлігі еліміздің экономикасы мен кәсіпкерлігінің дамуына үлкен үлес қосуда. Әйелдер біздің оқыту бағдарламаларымызға да белсенді қатысады. Мысалы,

«Бастау Бизнес» жобасының бес жыл ішінде біз 15 мыңнан астам жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жамбылдықтарды оқыттық, олардың 40%-ға жуығы әйелдерге тиесілі. «Атамекен Тараз» микроқаржы ұйымы арқылы жеңілдетілген несие алып, өз бизнесін белсенді дамытып отырған әйелдер де аз емес.  Микроқаржы ұйымы қызметі басталғаннан бері 1 млрд 163 млн теңгеге 665 жоба қаржыландырылды, оның 35 пайызы әйелдер кәсіпкерлерігіне тиесілі. Бұл бүгінде әйелдер ерлермен тең жұмыс істеуге, тіпті бизнесте лайықты бәсекелестік жасауға дайын екендігін көрсетеді», - дейді облыстық Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Айдар Әбдіқадыров.

Орталықта тек кеңестер ғана берілмейді, онда оқытуға қажеттіліктер зерделеніп, әйелдер бизнесінің дамуына кедергі келтіретін проблемалар анықталады деп күтілуде.
 «Орталықтар өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, оқыту, кооперация және қажетті құзыреттерді қалыптастыру арқылы олардың экономикалық белсенділігін ынталандыруға, сондай-ақ бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жеңілдікті кредиттер мен гранттар беруге, әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, әйелдер мен олардың ұйымдары өндірген тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өткізу нарықтарын дамытуға ықпал ететін болады», - дейді Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының кеңесшісі Гүлмира Метерова.

Іскер әйелдер Кеңесінің мүшелері құрылған Орталық әйелдерге өз бизнесін дамытуға, жаңа бағыттар мен кәсіптерді игеруге, сондай-ақ көшбасшылық әлеуетін іске асыруға көмектесетініне сенімді.

Облыстың Кәсіпкерлер Палатасы әйелдер бизнесін дамытуға мүдделі барлық азаматтарды Тараз қаласы, Төле би даңғылы,93А, «Арай плаза» бизнес орталығы, 2 қабат мекенжайындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына шақырады. Барлық сұрақтар бойынша орталықтың маманы Метерова Гульмира Кайратовнаға 8 747 208 56 48 (whatsapp) немесе эл.бойынша хабарласуға болады. Эл.пошта: gmeterova@gmail.com

    Айжан Өзбекова