ҰЛТТЫҚ ӨНЕР – БАБАЛАР МҰРАСЫ

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР – БАБАЛАР МҰРАСЫ

Сан салалы өнердің бірі – суретшілік. Қылқаламымен ақ қағазға жан бітіретін олар біз көре бермейтін құпияға толы әлемді олар бөлек көреді, басқаша сезеді. Сол арқылы пендені толғандаратын көріністі бейнелейді. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Бабалар мұрасы» жасөспірімдер шығармашылығының ІІ ашық өңірлік байқауына ұсынылған еңбектердің ішінде бірден назар аударатын осындай туындылар да болды.

Байқауға облыс бойынша 100-ден астам оқушы мен колледж студенттері шығармашылық т уындыларын ұсынған. Ұйымдастырушылар – «Дизайн және сән индустриясы» к афед расы үмітк ерлердің еңбектерін 3 номинацияға бөлді. Атап айтсақ, «Көркем бейнелеу өнері», «Графикалық сурет», «Коллаж» бағыттары.

Байқау барысында суретшілер ұсынған еңбектердің көрмесі де ұйымдастырылды. Іс-шарада М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ғылым және к оммерцияландыру департаментінің директоры Сейітжан Орынбаев «Бабалар мұрасы» байқауы жас таланттарға қолдау көрсету үшін ұйымдастырылатынын айтты.

Байқау нәтижесінде «Бабалар мұрасы – 2022» ІІ облыстық жастар шығармашылығында №53 гимназия мек тебінің оқушысы Сабина Бегілдаеваның график алық техник асымен жасаған «Ұрпаққа аманат» эскизі үздік шығармашылық жұмыс деп танылып, жас суретші Гран-при иегері атанды.

Мектеп оқушылары санаты бойынша Луиза Әлімханқызы І дәрежелі дипломды еншілесе, Әбдіманап Ескелді ІІ орынды еншіледі. Нышан Сүлейман үздік үштікті түйіндеді.

Колледж студенттері номинациясы бойынша Сахиба Ернияздың еңбегі үздік деп танылып, І орынды жеңіп алды. Дильназ Мұхамеджан ІІ орынды олжаласа, Ази Арсен ІІІ орынды місе тұтты.

Ал « Өнер және спорт» факультетінің 1-курс студенттері арасындағы жүлде бөлінісі бойынша Зере Сламбек – 1, Меңлайым Кеңесбек – 2, Нұржәмиля Әбдірахманова 3-орынды еншіледі. Байқау қатысушылары және жетекшілерінің барлығы арнайы алғыс хаттармен маратталды.

Ақтоты БЕКЕНҚЫЗЫ