«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ЕШҚАШАН КЕУДЕМІЗДЕН ИТЕРГЕН ЕМЕС»

«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ЕШҚАШАН КЕУДЕМІЗДЕН  ИТЕРГЕН ЕМЕС»

ЕЛІМІЗДЕГІ БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА БІРЛІГІ ЖАРАСА ӨМІР СҮРІП ЖАТҚАН ТҮРЛІ ҰЛТТАР МЕН ҰЛЫСТАРДЫҢ ТАТУЛЫҒЫ, ЫНТЫМАҒЫ ҚАШАНДА ӨЗГЕ МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ ҮЛГІ. ӘСІРЕСЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЕРКІН СӨЙЛЕП, ҰЛТҚА ҚАЛТҚЫСЫЗ ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕН ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ КӨБЕЙГЕНІ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ.

Бұл олардың көңілі дархан, пейілі к ең қазақ жеріне, мемлекетіне, тіліне деген құрметі екені сөзсіз. Солардың бірі – украин жігіті Тарас Леоненко. Қазақ тілінің өркендеп, қанат жаюына үлес қосып жүрген азамат мемлек еттік тілді насихаттағаны үшін түрлі марапаттарға ие болып келеді. 

Тарас қасиетті Жуалы ауданы, Қоңыртөбе аулының тумасы. Атасы Тарас тың игеру кезеңінде Украинадан Қазақстанға қоныс аударыпты. Ал әкесі Виктор Жуалы өңірінде дүниеге келген. Олардың жергілікті халықпен араласып, біте қайнасып кетуі қазақпен құда болғандығында жатса керек. Себебі Тарастың анасы Райхан Орынбасарқызы қазақ. Екеуі де медицина саласының қызметк ері. Әк есі Вик тор Тарасович 9 ағайынды болса, олардың екеуі ғана Қазақстанда тұрады. Қалғаны Ресей, Украина, Германия жерінде.

Тарас Вик торович балабақшаны, алғаш мектеп табалдырығын өзінің туған жеріндегі қазақ мектебінде аттады. Кішкентайынан қазақтың балаларымен бірге асыр салып ойнап, қазақ тілін біркісідей меңгеріп алған ол оқу барысында да қиналмапты.

Кейіпкеріміздің үлкен ағасы Әлихан Алматы қаласында, әпкесі Әлия да Байзақ ауданында тұрады, ұстаздық жолда қызмет етеді. Қос бауыры да қазақ тілін жақсы меңгерген. Олар мемлекеттік тілді білу – барша қазақстандықтың борышы екенін жақсы түсінеді.

– Қазақ халқы ешқашан бізді кеудемізден итерген емес. Тілімізді, салт-дәстүрімізді сақтауға к едергі жоқ. Отбасымызда барлығы қазақша біледі, бірақ орыс, украин тілінде де сөйлесеміз. Менің есімім ғана украинша. Себебі әкемнің әкесінің есімі Тарас болғандықтан, әкем сол кісінің есімін маған беруді ұйғарыпты. Менің де жұбайым Гүлзада қазақ қызы, ол кісі де мұғалім. Үш перзентім: Марина есімді қызым және Руслан, Стас деген ұлдарым бар. Көзі тірісінде әкем балаларымның есімін осылай қоюымды тапсырған. Мен үшін әкемнің айтқаны заң. Менен басқа ағам да, әпкем де отбасылы. Олар да қазақтармен бас қосқан. Балалы-шағалы болып, көбейіп жатырмыз. Мен негізі түр-әлпетім жағынан анама тартқанмын. Ғалымдардың дәлелі бойынша, әкеге қарағанда баласы анасына көбірек тартады екен. Орта есеппен есептегенде, 70-80 пайызы анасына ұқсап кетеді екен. Менде де солай. Оның үстіне мен нағашыларыма жақын болып өстім. Солардың тәрбиесін көрдім. Сондықтан көпшілігі мені таза қазақ деп ойлап қалып жатады, – дейді Тарас.

Тарас Леоненко тек балабақша, мектепте ғана емес, оқу орындарында қазақ топтарында оқып, білім алады. Атап айтқанда, алдымен Жамбыл политехник алық жоғары колледжіне программист мамандығы бойынша қабылданып, оны тәмамдайды. Одан к ейін Шымк ент педагогикалық университінде «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білімін жетілдіріп, 2007 жылы өзі туып-өскен Дмитрий Пахумов орта мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Өзінің біліктілігі мен білімін дәлелдей білген жас ұстаз, бір жылдың ішінде көзге түсіп, сол білім ошағы директорының орынбасары қызметіне тағайындалады. 2018 жылы Тараз қаласындағы №32 орта мектепке директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып ауысып, 4 жылдай сонда қызмет атқарады. Биыл қаңтар айында Шалғай Қарасу ауданында жаңадан салынған №26 мектепте директордың міндетін атқаруда. 

Тарас зеректігінің арқасында қазақ тілін жоғары деңгейде меңгеріп, өз ойын толық жеткізе алатындай дәрежеге жетті. Тарас ұстаздық қызметтің қауырт жұмысына қоса қоғамдық өмірде де белсенді. Талай мәрте мемлекеттік тілде өтетін байқауларда топ жарып, жүлдегер атанды. Қазақ тілін білгендігінің арқасында қазақтың өл еңд ерін жад ына түйіп, домбыра шертіп, ән айтып өсті.

– Мен өзімді өз елімнің патриотымын деп есептеймін. Бір бойыма жететін өнерім де бар. Облыстық тіл басқармасының ұйымд астырған тал ай іс-шарасына белсенді қатысып, байқауларда жүлдегер атандым. Қоңыртөбе ауылындағы мектепте алғаш рет оқушылар арасында пікір-сайыс тобын ұйымдастырып, жоғары орындарды иеленіп жүрді. Сонымен де өзім мақтанамын, – дейді ол.

Тарас ұлты өзге болса да, жан-тәнімен, бар болмыс-бітімімен қазақ болып кеткен. Аз-кем сұхбаттасып, оның бойынан қазақылықты байқадық. Тіліміздің шұрайлылығын сөз еткен украин азаматының мемлекеттік тілге деген құрметі көпшілікке үлгі.

Айжан ӨЗБЕКОВА