Қаңтар оқиғасына қатысы бар 152 адам сотталды – Бас прокуратура

Қаңтар оқиғасына қатысы бар 152 адам сотталды – Бас прокуратура

Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

– Арнайы прокурорлардың өндірісінде 262 қылмыстық іс бар. Оның ішінде 44-і терроризм, 47-і жаппай тәртіпсіздік бойынша. Осы қылмыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтап, жауапкершілікке тарту жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда 547 адам жаппай тәртіптсіздікті ұйымдастыруға және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылды. Олардың 269-ы қамауда. Жалпы ел бойынша тергеу органдары 3702 қылмыстық істі тергеуде, - деді ол.

Қилымжанов атап өткендей, егер адамдар анықталса, қажетті тергеуден кейін істер бірден сотқа жолданады.

– Осы қылмыстар бойынша соттар 152 адамды соттады. Мемлекет басшысының ауырлататын мән-жайлары болмаған кезде жазаны жеңілдету бойынша тапсырмасы бойынша прокурорлар бас бостандығымен байланысты емес жазаға бағытталды. Осыған орай 135 азамат бас бостандығын шектеумен емес жазаға және қоғамдық жұмыстарға тартылды, - деді ол. 

Қилымжанов атағандай, қаруды ұрлауға, ауыр қылмыс жасаған, өтелмеген соттылығы бар 17 адам бас бостандығынан айырылудың нақты мерзімін алды.