ҒЫЛЫМДЫ МОЙЫНДАТҚАН НӘЗІКЖАНДЫЛАР

ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІНЕ ӘЙЕЛ АДАМДАРДЫҢ АЯҚ БАСУЫ ӨТЕ ҚИЫН БОЛАТЫН. ӘЙЕЛДЕРДІ КЕМСІТУ, ОЛАРҒА БІЛІМ АЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРМЕУ, ДӘСТҮРЛІ МІНДЕТТЕР (БАЛА ТУУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ) СЕКІЛДІ СЕБЕПТЕРДІҢ БОЛҒАНЫ ЖАСЫРЫН ЕМЕС. ҚАЛЫПТАСҚАН ТАПТАУЫРЫНДЫ БҰЗЫП, ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА ӨЗ СЕПТІГІН ТИГІЗГЕН ӘЙЕЛДЕР ДЕ БАР. ЕНДЕШЕ БҮГІН ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСҚАН ӘЙЕЛ АДАМДАР ТОПТАМАСЫН ҰСЫНАМЫЗ.

1. АЛҒАШҚЫ ӘЙЕЛ АЛХИМИК

АЛҒАШҚЫ ӘЙЕЛ  АЛХИМИК

Алғашқы әйел алхимик Мария Копт I ғасырда Иерусалимде дүниеге келген. Марияны александриялық алхимия мектебінің негізін қалағандардың бірі деп есептейді. Ол алғаш болып су моншасында сұйықтықты жылыту жолын тапқан. Ғалым әлемдегі сұйықтықтарды ажырататын құрылғы трибикосты және керокатис деп аталатын бу көмегімен жұмыс істейтін жабық құбырды ойлап табады. Бұл құрылғылар көмегімен сұйықтықты түрлі заттарға ыдыратуға болады. Кейін аталған құрылғыларды ішімдік пен эссенция өндірісінде кеңінен қолданды.

2. АЛҒАШҚЫ ӘЙЕЛ МҰҒАЛІМ

АЛҒАШҚЫ ӘЙЕЛ  МҰҒАЛІМ

Гипатия Александрлық IV-V ғасырларда Александрияда өмір сүреді. Оның әкесі Теон Александрлық көрегенді ғалым болатын, өзінің қол астында мектебі болған. Қызына тиісті түрде білім берген ол, кейін оны мектепке философия, математика және астрономия пәндерінен сабақ беретін ұстаз ретінде орналастырады. Әкесінің қазасынан кейін, 405 жылдан бастап ол мектепті басқарады. Гипатия ғылыми еңбектер жазып, сүзгіш, астролябия, ареометр секілді пайдалы құрылғыларды ойлап табады. Дегенмен билікпен «достығы» оның өміріне көп зиянын тигізді. Оны билікке қарсы шықты деп айыптаған. 415 жылы діни қызметкерлер мен бағынушылар оны көшеде таспен ұрып өлтіріп, денесін көмусіз қалдырған. Әдетте мұндай жаза түрін ауыр қылмыс жасаған адамға қолданған.

3. РОЗАЛИНД ФРАНКЛИН – ДНҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ СУРЕТІ

РОЗАЛИНД ФРАНКЛИН – ДНҚ  ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ СУРЕТІ

Дәрігер Франклин рентген көмегімен ДНҚ құрылымын суретке алғаш болып түсіріп, оның пішіні шиыршық деп болжады. Розалинд бірден осы мақсатта ізденіп жүрген бірнеше ғылыми институттардың алдына шықты. Алайда «ДНҚ-ханым» жиі сәулелендірудің себебінен ісік ауруына шалдығып, жаңалық ашқан соң, көп ұзамай қайтыс болды. Оның негізінде Фрэнсис Крик, Джеймс Уотсон және Морис Уилкинс Нобель сыйлығын алды. Ал Розалинд аманаты ұмытылды. Біреулер бұл тек сәтсіз жағдай десе, басқалары оның әріптестері суретті ұрлап алған деп ойлайды.